«Аякс» командасының бұрынғы ойыншысы Эдгар Манучарян жазғы трансферлік терезеде Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Шабуылшыға чемпионаттың үздік алтылығында тұрған үш команда қызығушылық танытып отыр. Олардың біреуі Еуропа лигасының іріктеуіне қатысатын клуб.

Манучарян Ереванның «Пюник», Амстердамның «Аякс» клубтарында доп тепкен. Сондай-ақ, голландиялық танымал клубтар «Харлем» және АГОВВ командаларында өнер көрсетті.

2018 жылдың мамыр айының соңына дейін 31 жастағы шабуылшы «Уралдың» (РФПЛ) қатарында болды. Ол командамен келісім мерзімі аяқталғаннан кейін Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Ресей мен Қазақстан клубтарынан түскен ұсыныстарды қарастыруда.