Бірінші лиганың 19-шы тур ойындарын алаң жиегінен 3 900 көрермен тамашалады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл турда ең көп жанкүйер жинаған матч «Оқжетпес» - «Алтай» (4:2) командалары арасында өтті. Оған 2 000 көрермен қатысты.

Ал жанкүйерлер «Каспи» - «Жетісу Б» (0:4) матчына ең аз келді. Бұл ойынды бар болғаны 100 көрермен ғана тамашалаған екен.