«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Александр Володько Премьер лиганың 18-ші туры аясында өтетін «Астанаға» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ақжайыққа» (1:2) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.

32 жастағы футболшы биыл Премьер лигада 13 ойынға қатысып, бір гол соқты.