Жақын арада еліміз жанкүйерлеріне жақсы таныс армян футболшысы Геворг Газарян Қазақстан Премьер лигасына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Армения ұлттық құрамасының 30 жастағы футболшысымен талдықорғандық «Жетісу» командасы келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Егер келісімге келе алса Газарян Қазақстан алаңдарында қайтадан бой көрсетпек.

Геворг 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» сапында жемісті маусым өткізді. «Кеншілердің» Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде керемет өнер көрсетуіне өз көмегін тигізді. Сонымен қатар Еуропа лигасының топтық кезеңінде де сәтті өнер көрсетті. Футболшыны қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс деп айтып отыруымыздың себебі осы.

Шабуылшы бүгінгі таңда португалиялық «Маритиму» клубына тиесілі.