«Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік клубтың шабуылшысы Криштиану Роналдудың туриндік «Ювентусқа» ауысуы туралы ақпаратқа қатысты пікірін айтты.

«Не боларын көрейік. Роналду «Реалдан» кетеді деп ойламаймын. Оның командада қалғанын қалаймын, себебі ол әлемдегі үздік ойыншы және команда үшін ол маңызды. Криштиану «Реалдан» кетпесе, тамаша болар еді. Өйткені, мен оны еуропалық басқа команданың жейдесімен көре алмаймын», - деді Модрич.

Айта кетейік, шетелдік БАҚ Роналдудың 10 шілдеде «Ювентусқа» ауысатынын хабарлған болатын.