Швеция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович өз елінің ұлттық командасын мақтады.

«Құраманың әр ойыншысы Швецияда «Алтын доп» алуы керек. Олардың жеткен жетістігі ешқашан ұмытылмайды. Шоу үшін рақмет», - деп жазды Ибрагимович өзінің «твиттерінде».

Айта кетейік, Швеция құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Англияда 0:2 есебімен жеңілген болатын.