«Реал» футбол клубының басшылығы Криштиану Роналдуға жылына 30 млн еуро төленетін жаңа келісімшарт ұсынбақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Football Italia порталына сілтеме жасап.

Топ көшбасшысын «Ювентус» клубына жіберуге ниеті жоқ «корольдік» клуб футболшыға жасаған италиялық команданың жалақы жөніндегі ұсынысын қайталауды жоспарлап отыр.

Роналдудың «Реалмен» келісімшарты 2021 жылдың маусымында аяқталады.

Бұған дейін Криштиану Роналду «Ювентусқа» ауысу туралы ұсынысты қабыл алып, Туринде үй іздеп жатыр деген ақпарат тараған болатын.