Акира Нисино Жапония құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді.

63 жастағы маман құрама тізгінін биыл сәуірде ұстаған, келісімшарт мерзімі шілденің соңында бітеді.

Жапония құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгиядан 2:3 есебімен ұтылып, турнирден ұшып кеткен болатын.

Сондай-ақ, Коста-Рика құрамасының бас бапкері Оскар Рамирес те қызметінен кетті. Ол оңтүстікамерикалық құрамада 2015 жылдан бері жұмыс істеген. Биылғы әлемдік додада коста-рикалықтар өз тобында соңғы орын алды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Испания құрамасының бас бапкері Хулен Лопетеги жұмысынан босатылған еді. Чемпионат барысында Аргентина құрамасының бапкері Хорхе Сампаоли мен мысырлық құраманы жаттықтыратын Эктор Купер де орындарынан кететіні хабарланды.