Ресейлік спорт журналисі Александр Муйжнек өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандық жанкүйер мен колумбиялық фанаттың әлем чемпионатындағы матчынан кейінгі болған төбелесінің видеосын жариялады.

Жақында ғана Колумбиямен 1:1 болып тең түскеннен кейін Англия құрамасынан пенальтиден cоң ойсырай жеңіліп қалды. Матч Мәскеудегі "Спартак" алаңында өткен.

- Түннің ең басты қызығы: Колумбия формасын киіп алған орыссымақтардың қазақ жігітімен төбелесі. "Колумбиялық ортаңғы саусағын көрсетті. Мен айттым: келші мына жерге. Ал одан кейін мені ұрып жіберді. Сен орыс жанкүйері болсаң, не үшін оны қорғаштап тұрсың? " деген болжам бар. "Колумбиялық" азамат орысша бірде-бір сөз білмейді, - деді Муйжнек өзінің парақшасында.

Видеодан көрінгендей, "Сен мұны не үшін жасап жатырсың?" және "Не үшін мені ұятқа қалдырғың келеді?" деген айқайларды естіліп жатыр. "Қаһармандардың" бірі "Түсінбедім. Тоқтай тұршы" деп айтып жатты.