Ұлыбритания құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт жартылай қорғаушы Фабиан Делфтың үйіне қайтып кеткені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі xsport.ua сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы «Манчестер Сити» ойыншысы Бельгиямен болған ойынынан кейін әйелінің толғағының басталуына байланысты Ұлыбританияға ұшып кетті.

«Бұл - керемет күн. Футболдан да маңызды дүние бар. Соның бірі - отбасы. Менің ойымша, ол отбасысының жанында болуы керек. Мүмкін ол баласы туғаннан кейін қайтып келеді. Мүмкіндіктерді дұрыс бағалау керек деп ойлаймын» , - дейді бапкер.

Әлем чемпионатында Дельф Панамамен (6:1) өткен матчында 28 минут ойнап, Бельгиямен (0:1) болған ойынды толықтай өткізген.

Естеріңізге сала кетйік, бүгін Мәскеуде британдықтар 1/8 финалының матчын Колумбияға қарсы өткізеді.