Қазақстандық тоғыз жасар балақай Мадали Исабек әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Ол дүбірлі дода кезінде команда ойыншыларының бірімен алаңға бірге шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемге әйгілі жедел тамақтану қызметін ұсынатын мейрамханалардың бірі McDonalds науқан ұйымдастырды. Келушілердің ішінде 13 адам жеңімпаз атанып, көптен күткен жолдамаларына ие болды.

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына бес адам, жартылай финал ойындарына төрт адам, ақтық финал ойындарына үш адам жолдама ұтып алды.