Дэниэл Джейкобстың промоутері Эдди Хирн өз шәкіртінің жоспарларымен бөлісті.

Эдди Хирннің айтуынша, Джейкобс пен Сергей Деревянченко IBF титулы үшін жұдырықтасады. Егер, Джейкобс осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, артынша WВO чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесуі ықтимал.

Айта кетейік, IBF титулы ұзақ уақыт бойы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі болған еді. Алайда ұйым биыл өз титулын Головкиннен тартып алды.

Енді қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.