Golden Boy компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематчтан не күтетінін айтты.

«Әр спортшының күш-қуатына күмән келтіріп, бәрі төрешінің қолдында болмауы үшін жекпе-жек нокаутпен аяқталуы керек. Халыққа тек нокаут қана керек. Егер Сауль Геннадийді нокаутқа түсіретін болса, ол Мексиканың қаһарманы әрі бокс патшасы атанады. Меніңше, Альварес Головкинді нокаутқа түсіреді», - деді де ла Хойя.