Matchroom Boxing пормоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі уақытын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақтың найзағайы Уэльске келе жатыр! Данияр Елеусінов 4 тамызда Кардиф қаласында шайқасады. Билеттер сатылымда», - деп жазады Matchroom Boxing-тің twitter-дегі ресми парақшасы.

Әзірге Елеусіновтің қарсыласы анықтала қойған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі Лондонда 28 шілде күні өтетіні туралы айтылған болатын.