Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртінің алдағы мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінде бокстасу стиліне өзгерістер енуі мүмкін екендігі туралы айтты.

«Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіру жолын ұсынбақ. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз», - деді Санчес.

«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.