26-28 қараша күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде WTF таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.

Шығыс жекпе-жегінің бұл түрі Олимпиада бағдарламасына енген. Жарысқа Алматы және Астана қаласының, сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан және Бексеит Түлкеев пен Мұстафа Өзтүрк мектептері және АОСК командалары қатысуға ниет білдірді. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен өтініштер бойынша нақты қатысушылар саны 236 адам. Олардың арасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі спортшылар да аз емес. Азия Ойындарының жүлдегері Нұрсұлтан Мамай, Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы Гүлнафис Айтмұхамбетова, Азия чемпионы Феруза Ергешова және тағы басқалары.

Қазақстан таеквондо федерациясы 2012 жылдан бастап Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерацисының құрамына енді.