Мәскеулік «Локомотивтің» грузиялық қорғаушысы Соломон Кверквелияның пәтерінен өлі адамның денесі табылды. Ол грузиялық жанкүйер Ромео Копалиани болып шықты.

Футболшының Мәскеудегі пәтерінен жанкүйер өлі күйінде табылған. Онын жанкүйерлік төл-құжаты арқылы аты-жөні анықталды.

26 жастағы Кверквелия 2017 жылдан бері «Локомотив» сапында ойнайды. Ол осы маусымда «Локомотивпен» бірге Ресей чемпионы атанған. 2014 жылдан бері қорғаушы Грузия құрамасында ойнайды.