«Локомотив» қорғаушысының пәтерінен өлі адам табылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМәскеулік «Локомотивтің» грузиялық қорғаушысы Соломон Кверквелияның пәтерінен өлі адамның денесі табылды. Ол грузиялық жанкүйер Ромео Копалиани болып шықты.
Футболшының Мәскеудегі пәтерінен жанкүйер өлі күйінде табылған. Онын жанкүйерлік төл-құжаты арқылы аты-жөні анықталды.
26 жастағы Кверквелия 2017 жылдан бері «Локомотив» сапында ойнайды. Ол осы маусымда «Локомотивпен» бірге Ресей чемпионы атанған. 2014 жылдан бері қорғаушы Грузия құрамасында ойнайды.