Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Гарбинье Мугуруса (Испания).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Зарина Дияс 45-ші орыннан 54-ші сатыға төмендеді. Ал «Ролан Гаррос» турниріндені керемет өнерінен кейін 42 саты жоғарлап 56-шы орынға шыққан Юлия Путинцева қайтадан бір саты төмендеді (57).