Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Ноттингемдегі WTA турнирінің ширек финалында ұтылып қалды.

Воскобоева ресейлік әріптесі Натела Дзаламидземен бірге Абигейл Спирс (АҚШ)/Алисия Росольска (Польша) жұбынан жеңілді. Есеп - 2:6, 4:6.

Матч бар болғаны бір сағат, жеті минутқа созылды.

Еске сала кетейік, Воскобоева әріптесімен бірге алғашқы раундта Савчук (Украина)/Родионова (Австралия) жұбынан басым түскен еді.