Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуінің нақты уақыты мен өтетін орны ресми түрде белгіленді.

Белгілі болғандай қазақстандық және мексикалық боксшының екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтеді.

«Канелоның» промоутері де жекпе-жектің 15 қыркүйекте өтетінін растады. Ал аренаны алдын-ала брондап қойған екен.

Естеріңізге сала кетсек, “Канело” мен Головкиннің алғашқы жекпе-жегі де Мексикадағы тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келген еді.