Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші бокс кешінің андеркартында өнер көрсететін бірінші боксшының есімі белгілі болды. Ирландиялық боксшы Гэри "Спайк" О'Салливанның (28-2, 20 КО) твиттер парақшасындағы мәліметке сүйенсек, ол бұл бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.