Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасы бойынша өткен жылы құрылған еліміздегі алғашқы «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы биіктен көрінуін жалғастырып келеді.

Кеше клуб құрамындағы кениялық желаяқтар Чехиядағы әлемдік IAAF сериясының V туры аясында өткен 57 GoldenSpike сайысында екі мәрте тұғырдан көріне білді. Бұл жарыс чех жеріндегі Острава қаласынд өтті. Одан бөлек, мұнда осы жылы қыркүйекте Құрлықтық Кубок те өткізілмек. Құрметті қонақ ретінде мұнда ContinentalCup Ostrava-2018 бастамасы аясында IAAF президенті – Себастьян Коэн келіп қатысты. Айта кету керек, ол 1500 м қашықтығында екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы болды.