Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (ФИФА) әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіндегі матчтардың қосымша уақытында төртінші ойыншыны алмастыру туралы шешім қабылдады.

2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың бапкерлері қосымша уақытта төртінші ойыншысын алаңға жібере алады.

Ойын ережелерін өзгертуге жауап беретін ФИФА кеңесі 2016 жылы футбол матчтарында осындай өзгеріс енгізген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде арасында өтеді.