Nursat St Youtube арнасының авторы Чехия астанасында Геннадий Головкин мен Борат Сағдиевтің қайсысын көп естігені немесе қайсысын жақсырақ танитыны жөнінде сауалнама жүргізді.

Өкінішке орай, атақты боксшы туралы бір қыздан басқа ешкім естімепті. Ол да Головкиннің аты спорттық бір киімде жазылғандықтан, спортқа қатысы бар адам екенін болжады.

Ал Борат жайлы барлығы естіген, барлығы аталған актерді танитын болып шықты.