Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы, IBF B&R Region титулының иегері Мадияр Жанұзақ шілде айының 8-і күні келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекпе-жек Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Отандасымыз филиппиндік боксшы Альфа Дагайлоанмен жұдырықтасады.

Жанұзақ осы жекпе-жекте филиппиндіктен басым түссе, әлемдік рейтингте үздік 100 боксшының қатарына енеді.

Еске сала кетейік, жерлесіміз 28 ақпан күні Макаода филиппиндік Джон Марк Алиманды жеңіп, IBF B&R Region атағының иегері атанған болатын.