Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ноттингемдегі WTA турнирінің 1/16 финалының матчында жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Австралиялық Саманта Стосурмен кездесудің төртінші ойынында Қазақстан теннисшісі тізеден жарақат алып, матчты жалғастыра алмады. Стосур 2: 1 есебімен Диястан асып түсті

Естеріңізге сала кетсек, Стосур - US Open-2011 жеңімпазы.