Қазақстандық теннисші Недовесов жұптық сындағы өзінің әріптесі Тимур Хабибуллинді үш сет қорытындысы бойынша ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорытынды есеп: 6:2, 3:6, 6:2. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Александр Недовесов 15 брейк-поинттың бесеуін іске асырды.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Джерар Гранольерс (Испания)/ Нино Сердарусич жұбының жеңімпазымен кездеседі.