Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Алматыда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз 1/16 финалда испаниялық Даниэль Муньос де ла Наваға есе жіберді.

1 сағат 42 минутқа жалғасқан кездесу 4:6, 6:7 есебімен аяқталды.