11 маусымда Францияның ұлттық құрама командасы Мәскеу маңындағы Истра қаласында алғашқы ашық жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2018 жылғы футболдан Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді. Турнирдің топтық кезеңінде франциялық команда Аустралия (16 маусым, Казань), Перу (21 маусым, Екатеринбург) және Дания (26 маусым, Мәскеу) құрамасымен ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилияда өткен 2014 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы ширек финалға шыққан болатын.