14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс өнер көрсетеді.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы матчы болады. Онда Ресей және Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі.
Сондай-ақ салтанатты шараға екі дүркін әлем чемпионы Роналдо мен ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина да қатысады.