Астана қаласында өтіп жатқан бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирінің бүгін соңғы күні, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін барлық салмақ дәрежесінде финалдық кездесулер өтеді.

64 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені отандасымыз Бекдәулет Ибрагимов пен өзбек боксшысы Икболжон Холдаров сарапқа салды. Үшінші раундтың орта тұсында Бекдәулеттің жойқын соққысынан өзбек боксшысының қабағы жарылып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.