Астана қаласында өтіп жатқан бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирінің бүгін соңғы күні, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін барлық салмақ дәрежесінде алтын медаль сарапқа салынады

Ерлер арасында алғаш болып шаршы алаңға 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылар шықты. Бұл салмақта қос қазақстандық күш сынасты. Нәтижесінде Жомарт Ержанды жеңген Теміртас Жүсіпов 2018 жылғы Президент кубогының иегері атанды.

Ал 52 келі салмақта алтын жүлдені Ануар Мұзаппаров пен филиппиндік Ладон Роген сарапқа салды. Бұл жұпта қазақстандық боксшының мерейі үстем болды.

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев АҚШ-тан келген қарсыласы 20 жастағы Дюк Рэганды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшылар алғашқы үш салмақта да жеңіске жетті.