IBO TOP-100 рейтингісінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі халықаралық бокс ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жақында бірінші жартылай орта салмақтың WBC Continental Americas вакантты чемпиондық белбеуін жеңіп алған Батыр Жүкембаев бірден 46-орыннан 30-орынға көтерілді.

Аталмыш рейтингіде басқа қазақстандық боксшылар өз орнында қалды. Бірінші орта салмақта Қанат Ислам 12-ші, жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров 57-ші және ауыр салмақта Али Ахмедов 41-ші орында жайғасқан.