Қазақстан Бокс федерациясы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі webinfo.kz порталы.
«Бұл жағдайдан біз хабардармыз. Оқиға қазір тексеріліп жатыр. Бұл жөнінде АИБА және Азия Бокс конфедерациясына сауал жіберу қажет емес. Егер осы жағдай ресми түрде расталса, халықаралық ұйымдардың өздері бізге бірінші орын үшін берілетін алтын медаль мен дипломды жібереді», - деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Азия чемпионатынан кейін (сәуір, Таиланд) 57 килограмға дейінгі салмақ санаты бойынша финалда қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызын жеңген Вьетнам боксшысы До Хонг Нгок еркек екені белгілі болды.