Қазақстан жасөспірімдер құрамсы Румыния астанасы Бухаресттен олжалы оралды, деп хабарлайды prosports.kz.

Еркебұлан Кешубаев пен Маханбетов Қарысбек ағаларымыз бастаған еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатынан кейін Румыниядағы халықаралық турнирде күштерін сынады. Аталмыш жарыстан бауандарымыз ел қоржынына он медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Бухарест. Еркін күрестен халықаралық турнирдің нәтижесі:

Құрманалиев Сұлтан 45 кг -1 орын Таласбай Бақдәулет 45 кг - 2 орын Базарбаев Мерей 45 кг -3 орынЕсенгелді Асылжан 51 кг -2 орынМаликов Саламат 60кг -2 орынЖалғасов Бекзат 65 кг -1 орынШамарданов Жастілек 71 кг - 2 орын Ілиясов Исламбек 71кг- 3 орын Гафуров Юнус 92 кг - 1 орынІзбасар Серік 110кг - 3 орын

Айта кетейік, қазіргі таңда жасөспірім балуандарымыз Алматы қаласының еркін күрес академиясында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.