«Реал» басшылығы шабуылшы Гарет Бэйлға жаңа келісім ұсынады, деп хабарлайды Daily Mail.

Басылымның мәліметінше 28 жасар ойыншыға «Манчестер Юнайтед» клубы қызығып отыр. Сол себепті испандық команда ойыншысын сақтап қалу мақсатында жаңа келісім ұсынып футболшының айлығын көтеруге дайын.

Бэйлдың қазіргі келісімі 2022-ші жылдың жазында аяқталады.

Бэйл «Реал» командасына 2013-ші жылы ауысып келген болатын.

Биылғы маусымда барлық турнирлерде 44 ойынға қатысып 21 гол соқты.