Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Ресейде өтетін Әлем чемпионатының фавориттерінатады:

«Футболы дамыған барлық елдер бас жүлдеге үмітті. Қазіргі чемпион Германия құрамасы атақтарын қорғап қалу үшін барын салары анық. Испания керемет ойнап жүр. Жарыстың басынан соңына дейін жоғарғы қарқын көрсетуге қабілетті. Бразилия мен Португалия және Франция іріктеу кезеңінде жақсы ойнады.

Біз барлығымыз жеңіске жету оңай шаруа емес екендігін жақсы түсінеміз. Алайда Аргентина бұл жеңіске мұқтаж. Менің арманым баяғыдай — финалға шығып кубокты көтеру», - деді Месси.

Естеріңізге салсақ, Аргентина бір топта Хорватия, Нигерия және Исландия құрамаларымен ойнайды.