УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында Мохамед Салахты «сындырған» Серхио Рамосқа қатысты шешімін шығарды, деп хабарлайды шетелдік басылымдар.

Айта кетейік, бұған дейін 500 мыңнан астам адам «Реал» ойыншысы Серхио Рамосты жазалуаға шақырған болатын. Ұйымның айтуынша, Рамос пен Салахтың эпизоды футболдағы қалыпты жайт және «патшалық» клубтың ойыншысы ол әрекетті қасақана жасамаған. Сол себепті УЕФА испаниялық футболшыны жазаламайтын болды.