Чемпиондар Лигасының финалында мысырлық Мохамед Салахты жарақаттаған «Реал» қорғаушысы Серхио Рамосты жазалауға шақырғандардың саны 500 мыңға жетті, деп хабарлады ресейлік басылымдар.

Естеріңізге салайық, Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінен кейін ғаламтор желісінде Рамостың әрекеті қызу талқыға түсіп, оның жазалануын 100 мыңға жуық адам қолдаған еді.

Ал қазіргі таңда қол қойғандардың саны күннен-күнге артып келеді. Сонымен қатар, танымал мысырлық қорғаушы да Рамостан 1 милллиард еуро көлемінде айыппұл төлетуді сұрап отыр.