24 жастағы қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров кәсіби рингтегі алтынша кездесуін өткізді.

Бұл жолғы отандасымыздың қарсыласы мексикалық Роландо Прадеса болды. Канаданың Квабек қаласында өткен Давид Лемье – Карим Ашур бокс кешіндегі жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа шақталған болатын. Төрешілердің бірауыздан жасаған шешімімен қазақстандық барлық раундта айқын басымдық танытып, жеңіске жетті