Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канададағы бокс кешіндеге кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Оның қарсыласы Ариел Алехандро Замперди (9-3-0, 7) болды. Салмақ өлшеу рәсімінде қос боксшы да бірінші орта салмақ (69,8 кг) лимитінен асқан жоқ. Садриддин қарсыласын алғашқы раундта сұлатып түсіріп, нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен ұтқан болатын.