«Реал» Чемпиондар лигасының финалында үшінші жыл қатарынан ойнайын деп отыр. Алдыңғы жылғы екі финалда олар жеңімпаз атанған еді. «Ливерпульдің» финалда ойнамағанына он бір жыл болыпты. Ал жеңіске он үш жыл бұрын жеткен. Стамбулда өткен атақты «Миланмен» болған финалды ұмыта қоймаған боларсыз...

Екі команда да бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындықпен келді. Екеуі де әзірге маусымда ештеңе ұтқан жоқ. Бірі ішкі біріншілігінде үшінші орын алса, екіншісі төртінші орыннан аса алмады.