Бүгін Украина астанасы Киевта Чемпиондар лигасының финалы өтеді.

«Ливерпуль» араға он үш жыл салып қарт құрлықтағы ең мәртебелі турнирдің финалына шығып отыр.

Ал «Реал» соңғы бес жылды төртінші рет финалда ойнайды. Оның үшеуінде жеңіске жеткен. Соңғы екі жылда Зидан шәкірттерін Чемпиондар лигасында жолдан ығыстыратын команда табылмады.

Екі команда да шабуылда ширақ. Әсіресе «Ливерпуль» командасының алдыңғы шептегі үштігінің биыл керемет маусым өткізіп жатыр. Салах, Мане, Фирмино үштігі бүгін «Реал» қорғанысын әдігерге салары анық.

Ал енді «Реал» клубында әлемнің үздік ойыншыларының бірі Роналду ойнайтынын жақсы білесіздер. Әсіресе Чемпиондар лигасына келгенде полтугалдық ойыншы өзгеріп сала береді. Оған маусым соңында керемет бабына келген Бензема мен Бэйлды қосыңыз. Асенсио мен Васкес та кез келген уақытта қарсылас қақпасынан саңлау таба алатын жігіттер...

Бүгінгі финалға қос команда тарапынан қатысуы мүмкін ойыншылар:Реал Мадрид: Навас, Касилья, Зидан, Карвахаль, Вальехо, Рамос, Варан, Начо, Марсело, Эрнандес, Хакими, Кроос, Модрич, Каземиро, Льоренте, Асенсио, Иско, Ковачич, Себальос, Роналду, Бензема, Бейл, Васкес, Майораль.

Ливерпуль: Кариус, Клайн, ван Дейк, Вейналдум, Ловрен, Милнер, Фирмино, Салах, Хендерсон, Клаван, Морено, Мане, Лаллана, Миньоле, Джан, Робертсон, Ингз, Соланке, Филлипс, Джонс, Уорд, Вудберн, Камашу, Александр-Арнольд.

Кездесу ертең Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Ойынды Қазақстан аумағында «Qazsport» тікелей эфирден көрсетеді.