Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

WBC ұйымының Америка аймағы бойынша вакантты белбеуіне таласатын отандасымыз ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев пен қарсыласы Джонатан Хосе Эниздің (20-9-1, 7 КО) салмағы 63 келіні көрсетті.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан болатын. Ал оның қарсыласы Хосе Эниз кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жеткен екен. Қалған 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.