Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts» боксшыларымен қарымта кездесуін өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Шаршы алаңдағы тартысты жекпе-жекті «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Атырау қаласынан тікелей көрсетілім бүгін Астана уақыты сағат 17:30-де басталады.

52 келі. Сәкен Бибосынов — Уилл Коули;60 келі. Серік Теміржанов — Калум Френч;69 келі. Асланбек Шымбергенов — Карл Фэйл; 81 келі. Бек Нұрмағамбет — Лиридон Нуха; +91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Дакрес Соломон;

Естеріңізге сала кетейік, Шеффилд қаласында өткен алғашқы кездесуде «Астана Арландары» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.