«Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Садио Мане Чемпиондар лигасының финалы алдында ауылдастары үшін өз командасының 300 жейдесін сатып алған, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми парақшасында жазылды.

- Мен «Ливерпулдің» 300 жейдесін сатып алып, туған жерім Бамбалида тұратын ауылдастарыма жібердім. Енді жанкүйерлерім финалды қызыл жейде киіп көретін болады. Әлі күнге дейін менің отбасым ауылда тұрады. Барлығы матчты асыға күтуде. 26 мамыр күні менің ауылымда ешкім жұмыс істемейтін болады, - деді Мане.

Естеріңізде болса, 2017/18 жылғы Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі бүгін Астана уақыты 00:45-те басталады.