Джанлуиджи Буффонның агенті Сильвано Мартино италиялық голкипер мансабын ПСЖ-да жалғастырғысы келетінін айтты.

Бұған дейін екі тарап екіжылдық келісімшартқа отырады деп хабарланған.

- Буффон келесі маусымда ПСЖ-да ойнаса қуанышты боламыз, - деді Мартино.

Буффон «Ювентус» сапында 2001-2018 жылдар арасында ойнап, 656 матчқа қатысты.