ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль IBF ұйымның Геннадий Головкинге тиесілі белбеуіне қатысты нақты шешімді қашан қабылдайтынын айтты.

«Осы аптада IBF жиналыс өткізіп, оған Головкин, Деревянченко мен олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты тыңдады, енді алдағы он күнде шешім қабылдайды. Келесі аптада күтіңіздер», - деді Рафаэль.

Естеріңізге салсақ, IBF Головкинге Сергей Деревянченкомен 3 тамызға деген жұдырықтасуға уақыт берген еді. Әйтпесе, GGG IBF титулынан айырылып қалады.(