Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі алтыншы кездесуін өткізді.

Минскідегі Prime Hall клубында өткен «Сегізаяқ» турнирінде Жан грузиялық Гогита Горгиладземен жұдырықтасқан. Алтын раундқа жоспарланған жекпе-жеке Кособуцкий қарсыласын екінші кезеңде техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте алты жекпе-жек өткізіп, бәрін де нокаутпен ұтты.